
13 және 14 ақпанда Қарағанды қаласының ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне қала тұрғындарынан бес өтініш келіп түскен. Олардың барлығы белгілі бір азаматтың алаяқтық әрекетінің құрбаны болып шықты. Алаяқ ипотека алуға көмектесемін деген сылтаумен ақша алып, содан кейін байланысын тоқтатқан. Салым сомасы жәбірленушілердің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты 300 000 теңгеден 2 миллион теңгеге дейін болған. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 49 жастағы әйелді ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер ұсталған азаматтың тағы 13 эпизодқа қатыстылығын анықтады