Сәтбаев қаласында танысының атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды.

Сәтбаев қаласында танысының атына несие рәсімдеген алаяқ ұсталды.

3 ақпанда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 18 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы бойжеткеннің айтуынша оның атына белгісіз біреу 1 миллион 260 мың теңге несие рәсімдеген. Істі мұқият қарау барысында жәбірленуші біраз уақытқа ұялы телефонын танысына бергені белгілі болды. Полицейлер 24 жастағы күдіктіні ұстады. Ол несиеге екі қымбат ұялы телефон сатып алғанын айтып, кінәсін мойындады. Заттай айғақ алынды. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта  тергеу амалдары жүргізілуде.