Теміртау қаласының тұрғыны өзге адамның деректерін пайдаланып, шағын несие ұйымынан несие алған

Теміртау қаласының тұрғыны өзге адамның деректерін пайдаланып, шағын несие ұйымынан несие алған

8 ақпанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 72 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Шағын несие ұйымдарының бірінде арызданушының қызының атына белгісіз біреу несие рәсімдеген болып шықты. Келтірілген шығын көлемі 227 мың теңгені құрады. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер күдікті – 31 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.