Қарағанды облысында ЖШС кеңсесінен ауыл тұрғыны ұялы телефон ұрлап кеткен

Қарағанды облысында ЖШС кеңсесінен ауыл тұрғыны ұялы телефон ұрлап кеткен

9 ақпанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы ПБ-не елді мекендердің бірінің 33 жастағы тұрғыны арызданған. Арызданушы әйел ЖШС-нің бірінде менеджер болып жұмыс істейтінін жеткізді. Оның кеңсесіне белгісіз біреу кіріп, үстел үстінде жатқан ұялы телефонын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 120 мың теңгені құрады. «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында полицейлер жедел іздестіру шараларын жүргізіп, күдікті – 48 жастағы жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Заттай айғақтар тәркіленді. ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.