Жезқазған қаласының полицейлері есірткі қолданушыларды ұстады

Жезқазған қаласының полицейлері есірткі қолданушыларды ұстады

«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлеріне, Ғарышкерлер көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтерлерінің бірінде есірткі тұтынатын кейбір адамдардың жиі келетіні туралы ақпарат түсті. 9 ақпанда полицейлер пәтерді тексеру кезінде  24 және 34 жастағы екі ер адам мен 23 және 25 жастағы екі әйелді ұстады. Олардан ұнтақ түріндегі зат салынған полиэтилен пакеті мен сол заты бар жеті бума – болжам бойынша синтетикалық есірткі заты, 10 таблеткадан жасалған бума тәркіленді. Сонымен қатар, полицейлер ұсталғандар тұратын пәтерді тінту барысында ұнтақ тәрізді зат салынған пакеттер, есірткі шегуге арналған жеті құрылғы табылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы  бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, 10 ақпанда Қарағанды қаласында Қарағанды қаласының ПБ Есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар жүргізу барысында 27 жастағы ер адам басқарған көлікті тоқтатты. Салонда 23 жастағы жолаушы да болған. Полицейлер көлікті тексеру барысында жалпы салмағы 100 грамм синтетикалық зат салынған екі бума тауып алып, тиісті сараптамалар тағайындалды. ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.