Қарағандылық полицейлер жоғалып кеткен ресейлікті тапты

Қарағандылық полицейлер жоғалып кеткен ресейлікті тапты

Қарағанды қаласының ПБ Киров ПБ аумағында 9-10 ақпан аралығында жергілікті тексеру жұмыстары ұйымдастырылды. Оның мақсаты – қылмыстық ахуалды тұрақтандыру, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу. Көрсетілген мерзімде полицейлер профилактикалық есепке алу бойынша 751 тұлғаны тексеріп, 122 әкімшілік құқық бұзушылықты, екі заңсыз есірткі тұтынушыны, екі тыйым салынған затты анықтады. Жергілікті тестілеу кезінде 31 жастағы қала тұрғынынан екі электрлік қару тәркіленді. Қару табылған әйелдің айтуынша, өзін қорғау үшін ұстаған. Электрлік қарудың жарамдылығын анықтау үшін сараптамаға жіберілді. Полицейлер алаяқтықпен айналысқан 23 жастағы жігітті де ұстады. Ол бұған дейін ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыс жасағанын мойындады. Сонымен қатар, із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған Ресей Федерациясының 23 жастағы азаматы анықталды. Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында ІІМ-нің Иркутск облысы бойынша Бас басқармасы жас жігітті халықаралық іздеуге жариялаған болатын. Ұсталған ресейлік азамттың айтуынша, ол туыстарына ескертпестен Қазақстанға жұмыс істеуге кеткен.