
7 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасының Октябрь полиция бөліміне аудандағы аялдамалардың бірінде тонау фактісі орын алғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. 40 жастағы жәбірленуші полицейлерге аялдамада ұсялы телефонмен сөйлесіп тұрғанда белгісіз біреу қолынан құны 61 мың теңге тұратын телефонын жұлып әкеткенін айтқан. Кримианалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 61 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Осы күні Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны хабараласып, дүкендердің бірінің жанында белгісіз біреу құны 125 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып алғаны туралы хабарлаған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 23 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат ұялы телефон тәркіленді. Екі факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.