8 ақпан күні Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық полиция бөліміне 27 жасар азаматша арызбен шағымданып, таңертеңгілік уақытта қоғамдық көлікпен жұмысқа бара жатқанда белгісіз біреу қалтасынан әмиянын ұрлап кеткенін хабарлаған. Оған келтірілген шығын көлемі 20 мың теңгені құраған. Полиция қызметкерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізілген жедел іс-әрекеттер барысында «ізін суытпай» 18 жастағы азамат ұсталды. Ол қылмыс жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.