
6 ақпан күні Қарағанды облысы, Жезқазған қалалық Полиция басқармасына 35 жасар қала тұрғыны хабарласып, өзіне тиесілі дүкен кассасынан белгісіз біреу 40 мың теңге ақша ұрлағаны туралы арызданған. Қылмысты ашу бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде полиция қызметкерлері сол жерде тағылымдамашы-сатушы болып жұмыс істеген 44 жастағы азаматшаны анықтады. Ол ақша ұрлағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.