
6 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 26 жастағы азамат хабарласып, белгісіз біреу өзіне тиесілі автокөлігін ұрлап кеткені туралы арызданған. Оқиға орынына Қарағанды қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция полкінің кезекші наряды жіберілді. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында полиция нарядына сол ауданда жол-көлік оқиғасы болғаны туралы хабарлама түсті. Ол жерді тексеру барысында ұрланған көлік жол жиегінде тұрған автокөлікпен соқтығысқаны белгілі болды. Полиция қызметкерлерімен көлік басқаруында ішімдік ішіп, жол-көлік оқиғасын жасаған 28 жастағы азаматша ұсталды. Ол автокөлік ұрлап, көліктің басқаруына ие бола алмай қалып жол-көлік оқиғасын жасағаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Алайда, ол медициналық куәландырудан өтуден бас тартып, өз кінасын ауырлатты. Қазіргі уақытта тиісті сараптама тағайындалды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.