
25 қаңтар күні Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөліміне 65 жасар зейнеткер арызданып, белгісіз біреу қаладағы дүкендердің бірінің маңында қолынан 27 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып әкеткені туралы арызданды. Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 1 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 37 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.