
3 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 33 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу өзіне тиесілі жер үйден аккумулятор мен алюмин су ыдысын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Келтірілген шығын көлемі 35 мың теңгені құраған. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азамат ұсталды. Ұсталған азамат ұрланған заттарды темір өткізу пунктіне тапсырмақшы болғаны туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.