
23 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 37 жасар азаматша арызбен шағымданып, белгісіз біреу оның 16 жастағы баласынан құны 60 мың теңге тұратын ұялы телефонын тартып алғаны туралы арызданды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 1 ақпан күні қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.