
28 қаңтар күні сағат 20.30 шамасында Қарағанды облысы, Саран қалалық полиция бөліміне Жамбыл көшесіндегі үйлердің бірінде жалғыз басты зейнеткердің үйінде ашық тонау болды деген хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді. 72 жастағы жәбірленуші зейнеткер, белгісіз біреу үйіне алдау арқылы кіргенін айтқан. Кейін, бетінде медициналық бетперде таққан күдікті зейнеткерді пышақпен қорқытып, ақша мен алтын заттар беруін талап еткен. Алайда, зейнеткер ондай заттардың жоғын айтқан. Деседе, жалғыз басты жәбірленушінің үйінде емін-еркін жүрген күдікті, жәбірленушінің 6.500 теңге ақшасымен қорапшадан алтын бұйымдарын алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 124 000 теңгені құрады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191 бабының 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 1 ақпан күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Күдікті ұрланған заттарды ломбардқа өткізіп жіберген. Айғақ заттар тәркіленді. Бұлтартпау шарасы қабылдануда.