
2 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Н.Әбдіров даңғылында қызмет атқару барысында жылдамдықты шектен тыс асырып келе жатқан автокөлікті байқап, тоқтатқан. Көліктің басқаруында 30 жастағы азамат болды. Оның құжаттарын тексеру кезінде жүргізушіден ішімдіктің иісі сезілген. Сараптама қорытындысына сәйкес, жүргізуші азамат ішімдік ішкен күйде болғаны анықталды. Сондай-ақ, оның былтырғы жылдың 2 қаңтарында көлік басқаруында ішімдік ішкені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Дәл осы күні Саран қалалық полиция бөлімі, патрульдік полиция взводының қызметкерлерімен 32 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы автокөлік тоқтатылды. Өзін дөрекі ұстаған жүргізуші медициналық куәландырудан өткізіліп, оның ішімдік ішкені анықталды. 32 жастағы азаматтың да сондай-ақ, былтырғы жылдың қазан айында 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Екі факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.