
1 ақпан күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Теміржол полиция бөліміне телекоммуникация мекемесінен қала көшелерінің бірінде мыс кабелі ұрланды деген хабарлама түсті. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 21 жастағы азамат ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Алдын ала тергеу жұмыстары барысында күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады