
1 ақпан күні Қарағанды облысы, Бұқар-Жырау аудандық полиция басқармасына қарасты Ғ.Мұстафин кенттік полиция бөліміне Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің өкілі арызбен шағымданған. Жәбірленуші ауылшаруашылығы өнімдерін сатумен айналысу үшін бернеше сауда орындарын ашқан. Белгісіз біреу сол өнімдерді сататын сауда орынынан темір қол жууға арналған затты және газ плитасын ұрлап кеткені туралы хабарлаған. Оған келтірілген шығын көлемі 40 мың теңгені құраған. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция қызметкерлері «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 48 жастағы ауыл тұрғынын ұстады. Ұсталған азамат ұрланған заттарды темір қабылдайтын жерге өткізіп жібергені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.