
Былтырғы жылдың соңында Қарағанды облысы, Жаңаарқа аудандық полиция бөліміне алаяқтардың құрбаны болған 29 және 45 жастағы азаматшалардан арыз түсті. Жәбірленушілер полицияға интернет желісі арқылы алаяқтың құрбаны болғандарын айтқан. Жәбірленуші азаматшалар интернет желісінен киім сататын дүкеннің жабылғалы жатқандықтан әйел адаамдардың киімін арзан бағаға сатып жатқан хабарлама көрген. Сондықтанда сол киімді алу мақсатында жәбірленушілердің бірі киімді сатып алу мақсатында 44 мың теңге алдын ала ақша жіберсе, кейінгісі 46 мың теңге ақша салған. Алайда ақша салған жәбірленушілер өздері таңдаған киімді ала алмаған. Алаяқтың құрбаны болғанын түсінген олар полицияға арызданған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. -26 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Шымкент қаласынан осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 бен 32 жас аралықтарындағы қос азаматша ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізу барысында ұсталған азаматшаларға басқа облыстарда осыған ұқсас бес қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды,-деді Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин. Алдын ала болжам бойынша алаяқтардың құрығына 100 ден астам адам іліккен. Келтірілген шығын көлемі шамамен 15 миллион теңгені құраған. Тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерінің алаяқтық фактілер туралы бірнеше ескертпелеріне қарамастан алаяқтың құрбанына айналып жатқандар көп. Әсіресе, өздерін банк қызметкерлеріміз деп таныстыратындарға алдану басым. -Мәселен, 3 ақпан күні полицияға 54 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматшаға белгісіз азамат хабарласып, өзін банк қызметкеріміз деп таныстырған. Белгісіз азамат жәбірленушіге оның атынан белгісіз біреу несие рәсімдеп жатыр деген. Сондықтанда ол жәбірленушінің сеніміне кіріп несие беру орындарынан жалпы соммасы 3 миллион теңге несие рәсімдетіп, кейін оны өз есеп шотына аудартып алған. Бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды,-деді Әбіл Әбілдин.