Сәтбаев қаласында зейнеткердің қырағылығының арқасында полицейлер металл ұрлығының жолын кесті

Сәтбаев қаласында зейнеткердің қырағылығының арқасында полицейлер металл ұрлығының жолын кесті

30 қаңтар күні Қарағанды облысы, Сәтбаев қалалық полиция бөліміне қаладағы күзеті жоқ мекеменің ауласында белгісіз біреулер ұрлық жасап жатқандығы туралы хабарлама түсті. Күдіктілердің әрекетін сол маңда тұратын 71 жастағы зейнеткер әжей көріп полиция шақырған.
Оқиға орынына санаулы уақытта жедел –тергеу тобы жетіп, полицейлерді көргенде қашуға оқталған «Газель» автокөлігі ұсталды. Көліктің басқаруында 29 жастағы азамат болған. Көлікке жүргізілген тексеру жұмыстары барысында жүк бөлігінен темір бұйымдар табылды.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта полицейлер жәбірленуші тарапты анықтауда.