Теміртау қаласындағы көпқабатты үйдің дәлізінен бейнебақылау камерасын ұрлаған күдіктілер анықталды

Теміртау қаласындағы көпқабатты үйдің дәлізінен бейнебақылау камерасын ұрлаған күдіктілер анықталды

21 қаңтар күні Теміртау қалалық Полиция басқармасының Шығыс полиция бөліміне телекоммуникация саласының басшысы арызбен шағымданып, белгісіз біреу төрт көпқабатты үйдің дәлізінен төрт бейнебақылау камерасын ұрлап кеткені туралы арызданған. Мекемеге келтірілген шығын көлемі 42 мың теңгені құрады. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 188 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
25 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы қос күдікті ұсталды. Олар мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ заттар тәркіленіп, тергеу амалдары жүргізілуде.