Қарағандыда жалған күзетші массаж орталығына келушінің смарт-сағатымен ұялы телефонын қолды қылған

Қарағандыда жалған күзетші массаж орталығына келушінің смарт-сағатымен ұялы телефонын қолды қылған

30 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 30 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу ашық түрде смарт-сағатымен ұялы телефонын алып кеткенін хабарлаған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құраған.
Алдын ала анықтау жұмыстары кезінде жәбірленушінің қаладағы массаж салондарының біріне келгені, сол мезетте өзін сол мекеменің күзетшісімін деп таныстырған белгісіз азаматтың жәбірленушіден массажға кірер алдында талапқа сәйкес қолындағы смарт-сағатымен ұялы телефонын тастап кетуін өтінгені белгілі болды. Өзін күзетшімін деп таныстырған азаматқа жәбірленуші еш күдіксіз қолындағы бағалы заттарын тастап кеткені белгілі болды. Алайда, бағалы заттарды алып қалушы ол жерде жұмыс істемейтіні белгілі болды.
Жедел әрекеттер барысында полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 29 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.