Қарағандыда бейнебақылау камераларының көмегімен автокөлік ұрлап кеткен күдікті ұсталды

Қарағандыда бейнебақылау камераларының көмегімен автокөлік ұрлап кеткен күдікті ұсталды

30 қаңтар күні түнгі сағат 00.10 шамасында Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне аумақта орналасқан автожөндеу орталықтарының бірінен автокөлік ұрланды деген хабарлама түсті. Жәбірленуші 20 жастағы азамат жедел түрде жөндеу жұмыстарын жасау үшін өзінің көлігін автожөндеу орталығына тастап кеткенін, арада үш сағат өткенде көлігін алып кетуге келгенде көліктің жоғалып кеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 700 мың теңгені құраған. Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, Жедел басқармасының инспекторлары бейнебақылау камераларының көмегімен аз уақыттың ішінде көліктің тұрған жерін анықтады. «Ізін суытпай» патрульдік полиция полкінің жасақтарымен ұрланған көлік 40 жастағы азаматтың басқаруында ұсталды. Көліктің басқаруында отырған азаматты тексеру барысында оның ішімдік ішкен күйде болғаны анықталды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, күдікті азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 608 бабына сәйкес хаттама толтырылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.