
29 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторлары Камал Давыдовпен Тоқпанбай Елшат қала орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау мақсатында қызмет өткеруге түскен. Сағат 23.45 шамасында оларға Жедел басқару орталығынан Лобады көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде белгісіз азаматша үшінші қабаттан секірмекші болып тұр деген ақпарат түске. Араға бірнеше минут уақыт салып полицейлер өздеріне берілген бағыттама бойынша мекен жайға келген.
-Оқиға орынына келгенімізде қапталған қылтиманың қоршауынан шығып тұрған азаматшаны көрдік. Артық бір қимыл жасап қалса азаматша құлап кететін еді. Бізде әр уақыт, әр минут санаулы болды. Әріптесім екеуміз көп қабатты үйдің дәлізіне кіріп, өзімізге қажетті пәтерді тауып алдық. Алайда ол пәтердің есігін бізге ешкім ашпады. Бір қабат төмен түскенімізде бізге екінші қабаттан бізге егде тартқан азаматша есік ашты. Зейнеткерге оқиғаның мән-жайын түсіндіріп, ол үйге кірдік. Сол үйдің қылтимасы арқылы үшінші қабатқа көтерілдік. Қылтимаға көтерілгеннен кейін секірмекші болып тұрған азаматшаны қысып ұстап алдым. Басында біздің құтқарып қалғанымызды жақтырмай артық қимыл жасағысы келген азаматша, кейін біздің айтқанымызға көнді. Кейін оны қылтиманың қоршауы арқылы ұсталып тұрып, есігіне қарай жылжытып алдым,-дейді Камал Давыдов.
- Камалға жалғыз өзі қылтиманың сыртына шығып кеткен азаматшаны үйге қайта кіргізу мүмкін емес еді. Сондықтанда мен бізге есік ашқан зейнеткердің үйінен қайта шығып, үшінші қабатқа көтеріліп, азаматша тұрған үйдің есігін бұзып ішке кіріп, қылтимада тұрған азаматшаны ішке кіргізуге көмектестім,-дейді Тоқпанбай Елшат.
Кейін анықталғандай өз-өзіне қол жұмсап, көп қабатты үйден секіріп кетпекші болған азаматша сол пәтерді өзінің досымен жалға алып, бір мерекені атап өтпекші болған. Сол жерге олар өздерінің достарын да шақырған. Мерекелік отырыс барысында азаматшаның досы оны өзгеден қызғанып оған қол жұмсаған. Осыған көңілі қалған азаматша қасындағылар ұйқыға кеткенде өз-өзіне қол жұмсамақшы болған. Алайда полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында азаматша бір қатерден аман қалды.