Күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер сатып алған қайын ене анықталды

Күйеу баласының ақшасын ұрлап, пәтер сатып алған қайын ене анықталды

25 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 39 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу 1 миллион 962 мың теңге ақшасын қолды қылғанын айтқан.
Полиция қызметкерлерімен жәбірленушінің көрсетілген ақшасын 60 жастағы қайын енесіне сақтап қойуға бергенін, алайда соңғысы белгісіз біреу үйіне ұрлыққа түсіп, ақшаны жымқырып кетті дегені анықталды.
Алдын ала тергеу жұмыстары, сондай-ақ қылмысты ашу бойынша жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында полиция қызметкерлерімен ақшаны жәбірленушінің қайын енесінің жұмсап жібергені анықталды. 60 жастағы азаматша бұл ақшаға пәтер сатып алғаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта бұл факті бойынша қылмыстық кодекстің 188 бабына сәйкес іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.