
27 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу әмиянда тұрған ақшасымен құжаттарын ұрлап кеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 148 мың теңгені құраған.
Полиция қызметкерлерімен ұрлық фактісі жәбірленушінің медицина мекемесіне дәрігерге қаралуға келгенде болғаны анықталды. Ол, дәрігерге кірер алдында әмиянын сырт киімінің қалтасына салып киім шешетін жерге қалдырған. Осы сәтті ұтымды пайдаланған күдікті жымысқы ойын жүзеге асырған.
Полиция қызмектерлерімен қылмысты ашу бойынша жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барсында «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 45 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.