Полицейлер Теміртау қаласы тұрғынына екі ай бұрын ұрланған көлігін тауып берді

Полицейлер Теміртау қаласы тұрғынына екі ай бұрын ұрланған көлігін тауып берді

Өткен жылдың 21 қарашасында Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Ескіқалалық полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданып, бірнеше күн бұрын көлігін автожөндеу орталығына қалдырғанын, кейін белгіленген уақытта келгенде оны белгісіз біреу ұрлап кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгені құраған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
27 қаңтар күні полиция қызметкерлерімен жүргізілген «құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Ұрланған көлік иесіне қайтарылды. Тергеу амалдары жүргізілуде.