Теміртауда автожөндеу орталығының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап кеткен

Теміртауда автожөндеу орталығының қызметкері клиенттің көлігін ұрлап кеткен

22 қаңтар күні Теміртау қалалық Полиция басқармасы, Шығыс полиция бөліміне 59 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші полиция қызметкерлеріне өзіне тиесілі көлікті жөндеу жасау үшін автожөндеу орталығына қалдырғанын, арада бірнеше күн өткен соң жөнделген көлігін алып кетуге келгенде оны белгісіз біреудің ұрлап кеткенін түсіндірген. Қылмысты ашу бойынша жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен көлік ұрланған автожөндеу орталығында жұмыс істейтін 30 жастағы азамат ұсталды. Күдікті көлікті мініп кеткені туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.