
18 қаңтар күні Абай аудандық Полиция басқармасына қарасты Топар полиция бөліміне 48 жастағы азаматша арызбен шағымданып, қонаққа кеткенде үйіне кілт салуды ұмытып кеткенін, осы сәтті пайдаланған белгісіз біреу үйінен теледидар, блендер және киімдерін ұрлап кеткенін айтқан. Жәбірленушіге келтірілген шығын 482 мың теңгені құраған. Жедел іздестіру іс-шаралар барысында жедел-тергеу тобының қызметкерлерімен «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 48 жастағы азаматша анықталып ұсталды. Ол Қарағанды қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Күдікті қылмысы бойынша мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.