
4 қаңтар күні Теміртау қалалық Полиция басқармасы, Ескіқалалық полиция бөліміне 49 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында, жеке кәсіпкер ретінде қаладағы базарда ет сататынын және белгісіз біреу оңтайлы сәтті пайдаланып, мұздатқыштан 20 килограмм ет алып кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 36 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 13 қаңтар криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасуда.