Өзге біреудің сыйлыққа бергенін түсінген жігіт ғашығының ұялы телефонын сындырып тастады

Өзге біреудің  сыйлыққа бергенін түсінген жігіт ғашығының ұялы телефонын сындырып тастады

24 қаңтар күні Қарағанды облысы Саран қалалық полиция бөліміне 22 жастағы тұрғын хабарласқан. Жәбірленуші азаматшаның бір мезетте қос жігітпен қарым-қатынас жасағаны белгілі болды. Бірақ қос жігіт сүйгенінің бұлай жасап жүргенінен хабары болмаған. Арада күн өткенде қос жігіттің бірі сүйгеніне қымбат бағалы ұялы телефон сыйға тартқан. Оны екінші жігіт біліп, қызғаныштан ұялы телефонды сындырып тастағанын айтып шағымданған. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 850 мың теңгені құраған. Полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» қызғаншақ күдікті 24 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 202 бабына сәйкес іс қозғалды. Терегу амалдары жүргізілуде.