Полицейлер қарағанды тұрғынынан суық қару тәркіледі

Полицейлер қарағанды тұрғынынан суық қару тәркіледі

24 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызмектерлерімен «құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында сағат 14.00 шамасында аса күдік тудырған азамат назарға ілінген. Жедел әрекеттер барысында 22 жастағы қала тұрғыны ұсталып, оған қатысты тексеріс жұмыстарын жүргізу барысында кастет тәркіленіп алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес ол суық қару болып табылды. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.