Қарағанды облысында есірткі жасырумен айналысқан бес адам ұсталды

Қарағанды облысында есірткі жасырумен айналысқан бес адам ұсталды

Қарағанды облысы аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау мақсатында 14 қаңтардан бастап «құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде. Шараның негізгі мақсаттарының бірі есірткі қылмысының алдын алу екені белгілі. Осы мақсатта облыстық Полиция Департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы күрес басқармасы қызметкерлерімен есірткі заттарын «жасыру» арқылы сатумен айналысатындардың қылмыстық әрекеттеріне нүкте қойу үшін ауқымды іс шаралар жүргізіліп тұрады.

Мәселен, 18 қаңтар күні Теміртау қалалық Полиция басқармасы есірткіге қарсы күрес бөлімінің қызметкерлерімен жүргізілген іс-шаралар барысында қаладағы көп қабатты үйлердің маңынан 28 бен 30 жас аралығындағы екі азамат ұсталды. Ұсталғандарға тінту жүргізу барысында полиция қызметкерлері олардан 11 дана оралған ұнтақ тәрізді зат тәркіледі. Алдын ала болжам бойынша тәркіленген зат «Скорость» есірткі заты екені белгілі болды. Полиция қызмектерлерімен ұсталғандардың өздері де есірткі заттарын пайдаланатындықтары және бұл заттарды сату үшін жасырғаны белгілі болды.

21 қаңтар күні Қарағанды қаласында қалалық Полиция басқармасы есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімінің қызмектерлерімен Жауынгер-Интернационалистер көшесінің бойында 18 бен 20 жас аралығындағы Теміртау қаласының қос азаматы ұсталып, олардан 7 дана оралған ұнтақ зат тәркіленді. Ұсталғандардың айтуынгша бұл заттардың «Скорость» есірткі заты екені белгілі болды.

Ұсталғандармен жүргізілген тексеріс жұмыстары барысында полиция қызметкерлері қаланың әрбір жерінен тағыда жасырылған 3 дана ұнтақ заттар тапты. Күдіктілерден жауап алу барысында оларды бұл заттарды интернет арқылы сату үшін алғандары анықталды.

Дәп осы күні патрульдік полиция полкінің қызмектерлері де сауатты жұмыстарын көрсете білді.

 Полктің автопатрульдерінің бірі қала көшелерінде қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау барысында көшелердің бірінен күдік тудырған азаматты байқаған. Күдікті азамат полиция жасағын көрген бетте оқиға орынан ізін жасырмақшы болған. Сондай-ақ, күдікті азамат өзімен бірге алып жүрген 15 дана оралған ұнтақ затты лақтырып жібермекші болған. Ұсталған 27 жастағы қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне есірткі заттарын жасырумен айналысатындығы туралы мойындау көрсетпе белгілерін берді.

Күдіктімен жүргізілген тергеу әрекеттері барысында Бұқар-Жырау даңғылында полиция қызметкерлері тағыда 25 дана синтетикалық есірткі заттары алынды. Айта кету керек, ұсталған есірткі сатушы қолындағы есірткілерін негізінен балалар ойнайтын алаңқайларға жасырып отырған. Сонымен қатар, ұсталған азаматтың тұрғылықты мекен-жайынан тағыда 26 дана есірткі тәрізді ұнтақ заттар алынды.

Барлық ұсталғандардың қылмыстық әрекеттері олардан тәркіленген ұялы телефондардағы есірткі заттарын жасыру бойынша түсірген фотосуреттер және сатып алушылармен жазысқан хаттар арқылы дәлелденді.

Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

                Полиция қызметкерлері есірткі заттарын жасыру сату қылмысымен теңестірілетінін ескертіп бұл қылмыстар үшін 10 жылдан 20 жылға дейін жаза көзделетінін хабарлайды.