
17 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 36 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз азаматша оның мас күйде болғанын пайдаланып, банк картасынан 198 мың теңге шешіп алғаны туралы арызданған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Араға үш күн салып, полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жасар азаматша ұсталды. Күдікті мойындау көрсетпе белгілерін берді, тергеу амалдары жүргізілуде.