Қарағанды қаласындағы көпқабатты үйлердің жертөлелерінен бірнеше ұрлық жасаған күдікті қолға түсті

Қарағанды қаласындағы көпқабатты үйлердің жертөлелерінен бірнеше ұрлық жасаған күдікті қолға түсті

18 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Киров полиция бөліміне 37 жастағы азаматшадан арыз түсті. Жәбірленуші арызында белгісіз біреу үйінің жертөлесіне белгісіз біреулер кіріп, екі дана кілттер жинағымен алюминий ыдыстарын алып кеткенін айтқан. Оған келтірілген шығын көлемі 128 мың теңгені құраған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. 20 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 48 жастағы азамат ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ заттар тәркіленді. Алдын ала тергеу жұмыстары барысында тергеушілер ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар екенін анықтады. Мәселен, 16 қаңтар күні күдікті басқа үйдің жертөлесіне кіріп, ол жерден жалпы құны 422 мыңға бағаланған электржабдықтарын, темір бұйымдар және азық –түлік ұрлап кеткен. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жалғасуда.