
1 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Октябрь полиция бөліміне 40 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреу оның банк картасынан 100 мың теңге ақша шешіп алғаны туралы арызданған. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
17 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен «құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы күдікті анықталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Полиция қызметкерлерімен жәбірленуші арада шыққан қажеттілікке байланысты банк картасын танысына уақытша берген. Ал, оны танысының баласы көріп, ақша қажет болғандықтан жәбірленушінің картасынан шешіп алғаны анықталды. Тергеу амалдары жүргізілуде.