Көпірден секіріп кетпекші болған азаматты Қарағандылық полицейлер құтқарып қалды

Көпірден секіріп кетпекші болған азаматты Қарағандылық полицейлер құтқарып қалды

23 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасы, патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Жоламан Жұмағұлов, Қадырбай Ешбаев және Мақсат Мейірбаев өздеріне тиесілі қала орталығында қызмет атқарып жүрген. Сағат 15.40 шамасында полиция қызметкерлері Гоголь көшесінің бойында келе жатқанда оларға Жедел басқару орталығынан 45 орамдағы көпірден белгісіз азамат секіруге оқталып тұрғаны туралы хабарлама түскен. Арада үш минут өткенде полиция наряды оқиға орынында болған. Сол жерге келген полицейлер көпірдің қоршауынан ұстап тұрған жігітті және оны ұстауға ұмытылған жас жігітті байқаған. Өз-өзіне қол жұмсамақшы болған азамат қолын босатып, төмен құлағанда қайғылы жағдайдың болатыны анық.

-Әр секунд шешу сәт болды. Азаматтық киімдегі адам секірмекші болған азаматты күртесінен ұстап тұрды. Алайда, нақты секірсе оны ұстап қалу мүмкін емес еді. Мен Қыдырбай Ешбаевпен келіп, секірмекші болған адамды көпірден түсіріп алдық. Кейін, азаматтық киімдегі адамның біздің әріптесіміз, патрульдік полиция полкінің қызмет инспекторы Данияр Орынбек екенін білдік. Ол күні оның кезекті демалысы екен,-деп ойымен бөлісті Жоламан Жұмағұлов.

Сол күні өзіне қол жұмсап көпірден секірмекші болған азаматты ең бірінші байқаған да Данияр Орынбек екені белгілі болды. Қызметтен тыс, демалыста болған Данияр өз жұмыстарымен жүріп, көпірден өтіп бара жатқанда белгісіз азаматтың көпірдің қоршауында тұрғанын көрген. Бірден тоқтап, ондай іске бармауын өтініп, қоршаудан түсіріп алған Данир Орынбек өз жөнімен жүріп кеткен. Алайда, оның ойын мазасыздық бейлеген. Маза бермеген ой, полиция қызметкерін көлігімен кері бұрған. Маза бермеген ой оны еш алдамаған. Ойына алғанын жүзеге асырмақшы болып, өз-өзіне қол жұмсамақшы болған азамат көпірден секірмекші болып тұрған. Дер кезінде келген Данияр Орынбек және полиция наряды азаматты көпірден түсіріп алып, Орталық полиция бөліміне жеткізді. 20 жастағы жас жігіт бұл қадамға үйіндегі жарымен ұрысып қалғандықтан барғанын мойындады. Онымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, туыстарына берілді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.