Қаруды өз еркімен тапсыру

Қаруды өз еркімен тапсыру

Ағымдағы жылдың қаңтар айының басында елде болған жаппай тәртіпсіздіктер барысында, қару-жарақ дүкендерінен, құқық қорғау және арнайы органдардың ғимараттарынан, қылмыскерлер атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлады. Ұрланған қару мен оқ-дәрілер заңсыз мақсаттар үшін қолданылып, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Осыған байланысты, полиция органдарында тиісті тіркеусіз, заңсыз айналымдағы қаруды қолданумен қылмыс жасаудың алдын алу және оған жол бермеу мақсатында, Қарағанды облысының аумағында ағымдағы жылдың 15 қаңтарынан бастап "Құқықтық тәртіп" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілуде.Қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны үшін қылмыстық (ҚР ҚК 287-бабы - 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру) және әкімшілік (ҚР ӘҚБтК 482-бабы - 25 АЕК айыппұл) жауапкершілік көзделгеніне назар аударамыз. Осыған байланысты, азаматтарды, заңсыз сақталған қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және арнайы құралдарды, өз еркімен тапсыруға шақырамыз. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырған адам, әкімшілік және қылмыстық жауаптылықтан босатылады.