
17 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне аумақтағы Витебская көшесіндегі үйлердің бірінен ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орынына жедел-тергеу тобы жіберілді.
57 жастағы жәбірленуші азаматша жедел –тергеу тобы қызметкерлеріне бірнеше уақытқа үйінен шығып кеткенін, осы мезетте белгісіз біреу үйдің терезесінен кіріп, тон және алтын бұйымдарын ұрлап кеткенін айтқан.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлерімен «ізін суытпай» осы іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала тергеу жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен күдіктінің осыған ұқсас екі қылмысқа қатысы бар екені анықталды.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары және келтірілген шығынды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.