Ұялы телефон ұрлаған күдікті санаулы уақытта қолға түсті

Ұялы телефон ұрлаған күдікті санаулы уақытта қолға түсті

15 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне аумаққа қарасты мейрамханалардың бірінде ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Полиция қызметкерлерімен 17 жасар жәбірленушінің бірнеше уақытқа ұялы телефонын қараусыз қалдырып кеткені, сол мезетте ұрлықтың болғаны анықталды. Келтірілген шығын көлемі 423 мың теңгені құраған.
Мейрамханада орналасқан бейнекамераның жазбасы арқылы полиция қызметкерлері күдіктінің түр кескінін жасап, жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында "Ізін суытпай" осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы Саран қаласының тұрғыны ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, айғақ зат тәркіленді.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.