Қарағандыда жалған ақшамен тауар алған күдікті ұсталды

Қарағандыда жалған ақшамен тауар алған күдікті ұсталды

13 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөліміне 37 жасар азаматша арызбен шағымданды. Жәбірленуші арызында жеке кәсіппен айналысып, дүкен ұстайтынын көрсетіп, бірнеше күн бұрын белгісіз біреу жалған 20 мың ақшамен сатушыны алдап сауда жасағанын көрсеткен. Жәбірленуші ақшаның жалған екенін банкке барғанда бірақ білген. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабына сәйкес іс қозғалды.
16 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы күдікті анықталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу барысында полиция қызметкерлері күдіктінің осыған ұқсас тағыда екі қылмысқа қатыстылығы белгілі болды.