Қарағанды облысында кілт таңдау арқылы зейнеткердің үйіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды.

Қарағанды облысында кілт таңдау арқылы  зейнеткердің үйіне ұрлыққа түскен күдікті ұсталды.

Қарағанды облысы, Шахтинск қалалық Полиция бөлімінің кезекші бөліміне 79 жастағы қала тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленуші азаматша арызында бірнеше күн туысының үйінде қонақта болғанын, осы кезде белгісіз біреу үйіне кілт таңдау арқылы кіріп, ұялы телефон, азық-түлік және ақша ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірген шығын көлемі 53 мың теңгені құраған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында "Ізін суытпай" 35 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Айғақ зат тәркіленді. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде.