
Өткен жылдың желтоқсан айында Теміртау қалалық Полиция басқармасына қарасты Шығыс полиция бөліміне қаладағы сауда орындарынан ұрлық болғаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына тексеріс жұмыстарын жүргізген полиция қызметкерлері бұл қылмыстарды қос азамат жасады деген болжамға келді.
Мәселен, күдіктілер қаладағы дүкендердің бірінің пластикалық терезесін бұзу арқылы кірген. Ол жерден олар кассадағы 400 мың теңге ақшамен ет өнімдерін әкеткен. Келтірген шығын көлемі 587 мың теңгені құраған. Осы әдіспен күдіктілер ЖШС-ке кіріп ол жерденде ақша ұрлап кеткен. Барлық фактілер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
7 қаңтар күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 және 26 жастағы қос азамат ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілердің бірі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция қызметкерлерімен олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.