Қарағандыда полицейлер автокөліктен жасалған ұрлықтың алдын алды

Қарағандыда полицейлер автокөліктен жасалған ұрлықтың алдын алды

8 қаңтар күні Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері мүліктік қылмыстардың алдын алу бойынша жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Сағат түнгі 3.00 шамасында полиция қызметкерлері аумақтағы көп қабатты үйлердің бірінің маңында тұрған автокөлікті айналшықтап жүрген азаматты байқаған. Полиция жасағын көрген азамат бірден қаша жөнелген.
Полиция қызметкерлерімен 25 жастағы азаматтың автокөліктен бағалы зат ұрламақшы болғаны анықталды. Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 24-188 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлерімен күдікті ұрлық жасамақшы болған автокөліктің иесі анықталуда.