Жезқазған қаласында Ломбард қызметкері 25 миллион теңгені қолды қылған

Жезқазған қаласында Ломбард қызметкері 25 миллион теңгені қолды қылған

11 қаңтар күні Жезқазған қалалық Полиция басқармасына қаладағы ломбардтардың бірінің иесі арызданып, кезекті ревизия жасау кезінде қомақты ақшамен алтын бұйымдардың жетіспеушілігін айтқан. Келтірілген шығын көлемі 25 миллион 850 мың теңгені құраған.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген іс -шаралар барысында аталған іске қатысты күдіктілерді анықтады. Олар 29 бен 30 жас аралығындағы екі бағалушы экспертпен аудитор және 33 жастағы азаматшамен 35 жастағы қала тұрғындары екені белгілі болды. Күдіктілер ұсталып, мойындау көрсетпе белгілерін берді.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.