
Қарағанды қалалық Полиция басқармасына қарасты Орталық полиция бөліміне Гоголь көшесіндегі үйлердің бірінің дәлізінде тонау болды деген ақпарат түсті . Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Полиция қызметкерлерімен белгісіз біреудің 16 жастағы жасөспірімге қатысты ашық тонау жасағаны анықталды. Күдікті жәбірленушінің ұялы телефонын тартып алған. Кейін, мобильдік қосымшаны пайдалану арқылы өзінің есеп шотына жәбірленушінің 13 мың теңге ақшасын аударып алған.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шаралары барысында осы іске қатысы бар деген күдікпен 31 жастағы күдікті ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін берді. Тергеу амалдары жүргізілуде.