Сәтбаев қаласында зейнеткердің үйінен танысы 500 мың теңге ұрлап кеткен

Сәтбаев қаласында зейнеткердің үйінен танысы 500 мың теңге ұрлап кеткен
18 қарашада Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 72 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Зейнеткер үйге белгісіз біреу кіріп, сейфтен 500 мың теңге ұрлап кеткенін айтты. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға орнын тексерген полицейлер ұрлық белгілерінің жоқтығын анықтады. Ұрлықты үйге кіруі мүмкін біреу жасады деген нұсқа болған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 9 желтоқсанда криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.
Анықталғандай, күдікті жәбірленушінің қызының танысы екен. Ол зейнеткердің жинаған ақшасын қайда сақтайтынын білетін. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.