7 желтоқсанда Қарағанды қаласының Киров аудандық полиция бөліміне 41 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушының айтуынша, әлеуметтік желіде белгісіз бір адам жариялаған «Тегін болжау» атты жарнаманы байқағанын айтты. Хат алмасу барысында белгісіз біреу жәбірленушінің сеніміне кіріп, түрлі сылтаулармен адастырған. Осылайша, арызданушы бірнеше қадамдармен онлайн аударымдар арқылы әлдебір белгісіз біреуге шамдар мен ғұрыптық керек-жарақтарды сатып алу үшін жалпы сомасы 12 миллион 266 мың теңге аударған. Бірақ тапсырыстар ешқашан орындалмады. Алданып қалғанын түсінген әйел полицияға жүгінген. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 10 желтоқсанда көріпкелді анықтап, ұстады. Көріпкел 23 жастағы жас жігіт болып шықты. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты заттар алынды.
Қазіргі уақытта полицейлер ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.