Қарағанды тұрғынының көлігінен 21 келі марихуана табылды

Қарағанды тұрғынының көлігінен 21 келі марихуана табылды
19 желтоқсанда Қарағанды облысының ПБ патрульдік полиция батальонының жасағы «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Алматы-Екатеринбург тас жолында рейд жүргізді.
Кешкі сағат 23.00 шамасында полицейлер Қарағанды қаласының 60 жастағы тұрғыны басқарған көлікті тоқтатты. Тексеру барысында полицейлер көліктің жүксалғышынан екі полиэтилен пакетін тапты. Оның ішінде жасыл түсті, ерекше иісі бар өсімдік тектес зат болған. Сараптама нәтижесі 21 келіден астам кептірілген марихуана екенін растады..
ҚР ҚК-тің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.