5 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне дәмханалардың бірінде ұрлық орын алғаны туралы хабарлама келіп түскен. Жәбірленуші 40 жастағы ер адам ойын-сауық мекемесінде біраз уақыт бойы ұялы телефонын үстел үстінде қараусыз қалдырғанын айтты. Осы жағдайды пайдаланып, белгісіз біреу ұялы телефонды алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 60 мың теңгені құрады.Полицейлер – ауылдық округтердің бірінің 28 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады. Айғақты зат, ұялы телефон, тәркіленген.ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.