Жезқазған тұрғыны әріптесінің атынан 3,5 миллион теңгеге несие рәсімдеген.

Жезқазған тұрғыны әріптесінің атынан 3,5 миллион теңгеге несие рәсімдеген.
26 қарашада Қарағанды облысы Жезқазған қаласының ПБ-на 55 жастағы қала тұрғыны арызданған. Арызданушы әйел өз атына біреудің 3 миллион 500 мың теңге несие рәсімдегенін жеткізді.
Несие жәбірленушінің ұялы телефонына орнатылған банктердің бірінің қосымшасы арқылы болғаны белгілі болды. Жедел іздестіру шаралары барысында күдікті, арызданушының 22 жастағы әріптесі анықталып, қамауға алынды. Ұсталған адам жәбірленуші біраз уақыт бойы қараусыз қалдырған ұялы телефонды пайдаланғанын айтып, кінәсін мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.